Жалпы және негізгі білім туралы құжаттардың көшірмесін беру

Қызмет көрсетуге жауапты: директордың Мектепке дейінгі білім беру жөніндегі орынбасары – Джетмекова Венера Канатовна
Байланыс: 8 (71541) 2-21-07, ұялы: 8 (708) 314 – 96 – 08

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қ қалай алуға болады (қажетті құжаттар):     

  1. құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініші;
  2. білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

Қосымша ақпарат көздері