Предоставление бесплатного и льготного питания отдельным категориям обучающихся и воспитанников в общеобразовательных школах

Қызмет көрсетуге жауапты: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Насиева Татьяна Дионисьевна
Байланыс: 8 (71541) 2-21-07, ұялы: 8 (700) 246 — 42 — 01

Енді мектепте тегін тамақтануды алуға өтінімді электрондық үкімет www.egov.kz. порталы арқылы беруге болады.

Қызмет келесі санаттарға жататын балаларға қатысты:

  • атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасылар;
  • ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетімдер және балалар (порталда тек баланың ЖСН және өтініш берушінің ЭЦҚ талап етіледі);
  • төтенше жағдайлардың нәтижесінде көмекті қажет ететін отбасылар;
  • мектептің алқа органымен анықталған оқушылардың санаты (мысалы: ата-анасының екеуіде жұмыссыз, көп балалы отбасы, және т.б., адам басына шаққандағы табысы өмір сүру деңгейінен төмен), (порталда баланың ЖСН және өтініш берушінің ЭЦҚ талап етіледі және қажет жағдайда құжаттардың сканерленген көшірмелері).

Порталда «Жалпы білім беру мектептерінің оқушылары және тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтануды беру үшін құжаттарды қабылдау» қызметі «Білім» айдарындағы «Орта білім» бөлімінде орналасқан.

Егер бала 1 немесе 2 санаттарға жатса, мектепте тегін тамақтануды алу үшін анықтама түрінде жауап-хабарлама өтініш берушінің жеке кабинетіне 3 жұмыс күні ішінде келеді.

3 немесе 4 санаттар бойынша өтініш білім беру ұйымында үш жұмыс күні ішінде өңдеуден өтеді, одан кейін өтініш берушіге тіркелген құжаттардың түпнұсқаларымен мектепке бару қажеттілігі немесе дәлелденген бас тарту туралы хабарлама түрінде жауап жолданады.

Бүгін қызмет «Электрондық оқыту» жүйесі енгізілген Астана, Алматы қалаларының, сондай-ақ Қазақстанның облыстық және аудандық орталықтарының тұрғындары үшін қолжетімді.

Қызмет туралы толығырақ сілтеме бойынша, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша тәулік бойы Бірыңғай байланыс орталығының мамандарынан білуге болады. Қоңырау шалу Қазақстан бойынша кез келген ұялы немесе қалалық телефондардан тегін.

Қосымша ақпарат көздері